Аймақтар • 10 Наурыз, 2021

60 адамға той ұйымдастырған шымкенттік тұрғын жауапқа тартылды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин кезінде той ұйымдастырған тұрығын жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

60 адамға той ұйымдастырған шымкенттік тұрғын жауапқа тартылды

Шектеу шараларына қарамастан қыз ұзату тойын жасаған Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Ол үйіне 60-қа жуық қонақ шақырған.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тойға жиналғандардың санитарлық нормаларды сақтамағанын анықтаған. Үй иесіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жиналған материал Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Қазіргі уақытта мониторинг тобы дамылсыз жұмыс жасап жатыр. Олардың құрамына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілі және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары кіреді.