Медицина • 10 Наурыз, 2021

«Наконец-то»: Бекшиннің болжамына бір жыл

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тура бір жыл бұрын Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирустың қашан «келетінін» болжаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Наконец-то»: Бекшиннің болжамына бір жыл

Қазақстанның сол кездегі бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің болжамы бірден әлеуметтік желілерде тарап, мемге айналып, әсіресе, «наконец-то» деген сөзі көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.

Ол былтыр өткен ОКҚ брифингісінде: «Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында елімізде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. Бізде коронавирус пайда бола салысымен бірден арнайы шаралар қабылдайтын боламыз», деп жауап берді.

Осы тұста Жандарбек Бекшиннің болжамы расталып, елімізде 13 наурыз күні алғаш рет коронавирус жұқтырған жандар тіркелді. Жұқтырғандардың ең алғашқылары Германиядан ұшып келген әйел мен ер адам болды.

Дәл осы мәлімдеден кейін көп ұзамай бас санитар қызметінен босатылды. Десе де, уақыт өте келе, ол Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, елде қауіпті індет жаппай таралып, қатаң карантиндік шаралар қабылданды. Алдын алу мақсатында республика көлемінде төтенше жайдай режімі енгізілді. Барлық аймақта блок-бекеттер қойылып, емін-еркін жүруге тыйым салынған еді.

Айта кетерлігі, қазіргі Қазақстанның санитарлық-эпидемиялық ахуалы тұрақталды. Осы орайда Үкімет тиісті шараларды дереу қабылдап жатыр. Елде бейдауа кеселге қарсы вакцинаны 1 ақпаннан бастап егу қолға алынды.