Спорт • 10 Наурыз, 2021

Қазақстандық боксшылар Германияда халықаралық турнирге қатысады

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Германияда өтетін халықаралық турнирге аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылар Германияда халықаралық турнирге қатысады

Германияның Кельн қаласында бокстан халықаралық турнир өтеді. Қазақстан ұлттық құрама сапынан аталған додаға сегіз боксшы қатысады. 

Олар: 

1. Сәкен Бибосынов (52 кг)

2. Оразбек Асылқұлов (57 кг)

3. Ертуған Зейнулинов (63 кг)

4. Асланбек Шымбергенов (69 кг)

5. Ермахан Жақпеков (75 кг)

6. Нұрбек Оралбай (81 кг)

7. Айбек Оралбай (91 кг)

8. Қамшыбек Қоңкабаев (+91 кг)

Айта кетейік, аталған жарыс 14 наурызға дейін жалғасады.