Экономика • 10 Наурыз, 2021

Ресейлік банк Қазақстанның валюта нарығына келді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылы 10 наурызда Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесі ресейлік  «Райфайзенбанктың» Қазақстанға келуін құптады.  Шешім 9 ақпанда қабылданды, деп жазады  Egemen.kz 

Ресейлік банк Қазақстанның валюта нарығына келді

«Райфайзенбанк»  биржаның ішкі құжаттарына сәйкес KASE валюта нарығында айналысқа жіберілген туынды қаржы құралдарымен қоса, шетел валюталарындағы биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығын алды.

«Біз ресейлік «Райфайзенбанктың»  валюта нарығының мүшелері клубына кіруін құптаймыз. Биржа шетелдік қаржы ұйымдарын жергілікті валюта мен қор нарығына тартуға мүдделі. Қор нарығында  жаңа ойыншының пайда болуы валюта нарығының өтімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді және халықаралық қатысушылардың Қазақстанның қор нарығына инвестицияларын жеңілдетеді», деді KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская. 

«Райфайзенбанктегі» институционалды инвесторларға капитал нарығын сату бөлімінің бастығы Антон Кеняйкин жалпы нарықта да, банк клиенттері арасында да теңгенің сауда-саттығына қызығушылықтың артуының тұрақты тенденциясын атап өтті. «KASE-ге валюта санатына мүше болу - бұл «Райфайзенбанк»  үшін үлкен оқиға және Қазақстандағы бизнесті одан әрі дамыту үшін маңызды қадам. Біз KASE өкілдеріне осы мүшелікті алуға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылығымызды білдіреміз және біздің ынтымақтастықты бастауға қуаныштымыз», деді  Антон Кеняйкин.