«Жаңа телевизиялық платформаның ашылуы – отандық медиа саладағы айтулы оқиға. Қоғамға сапалы әрі ашық ақпарат жеткізу – біздің қызмет саласындағы басты міндеттердің бірі. Соның ішінде, әсіресе, жаңа теле-платформаның мемлекеттік тілге басымдық беретіні көңіл қуантады. Сондай-ақ жаңа бастама – отандық медиа саласының бәсекеге қабілетін одан ары арттыруға үлкен серпін береді деп сенемін», деді Аида Балаева.
Осы орайда Аида Балаева осы жаңа жобаға бастама көтеріп, оның іске асуын қамтамасыз етіп отырған – «Самрұқ-Қазына» Әл-ауқат қоры мен «Казақтелеком» компаниясына алғысын білдірді.
«ТВ+» жаңа телеплатформасы отандық медиа нарығын дамыту катализаторларының бірі ғана болып қалмай, жас талантты авторларды елімізде жаңа, барынша сапалы контент жасау үшін үнемі жұмыс істеуге ынталандырады деп сенеміз. Ал олардың күш-жігерінің нәтижесі мен көрсеткіші жоғары көрермен рейтингі болсын», деді министр.
Бұдан өзге, ведомство басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі алдағы уақытта серіктестік жұмысқа дайын екенін атап өтті.