Қоғам • 11 Наурыз, 2021

Сенатор Күрішбаев ЖОО оқытушыларының жалақысын қалай көтеру керек екенін айтты

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы мемлекеттік жоғары оқу орындарының оқытушысының орташа жалақысы шамамен 120 мың теңгені құрайды. Сонымен бірге профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесі 700 академиялық сағаттан асады. Сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында осындай деректерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор Күрішбаев ЖОО оқытушыларының жалақысын қалай көтеру керек екенін айтты

Сенатор Мемлекет басшысы өткен жылы мамандыққа байланысты мемлекеттік білім гранттарының құнын 1,3-2,7 есеге көтеруді тапсырғанын еске салды. Бұл ақша мақсатты түрде оқытушылар құрамының жалақысын көтеруге де  жұмсалуы керек еді. Алайда бірқатар жоғары оқу орындарында ұстаздар жалақысы тиісті түрде өсе қойған жоқ.

«Себебі біздің жоғары оқу орындарының көпшілігінде бюджетті жұмсау мәселелері оқытушылармен де, ғылыми кеңеспен де келісілмейді, тек олардың менеджерлері жеке дара шешеді. Университеттерге академиялық еркіндік бере отырып, біз олардың ісіне сырттан араласуды шектеп, олардың басшылығына ауқымды өкілеттік беріп қойдық. Бірақ оқытушыларды басқару жүйесіне, атап айтқанда, дамыған елдердегідей профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми кеңестерге қатысуын, директорлар кеңесіне өкілдігін қамтамасыз ете алмадық», - деді Ақылбек Күрішбаев.