Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Түркістан облысында полицейлер жетіспейді

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Әли Бектаев еліміздің Премьер-Министрі атына жолдаған депутаттық сауалында Түркістан облысында полицейлердің жетіспейтіні туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында полицейлер жетіспейді

Сенатордың айтуынша, жыл сайын Түркістан қаласына 1 миллионнан астам турист келеді. Ал облыс халқының саны 2 миллионнан асады. Бұл еліміздегі халық ең тығыз қоныстанған аймақ. Бұл ретте полиция қызметкерлерінің жетіспеушілігі құқық тәртібін қамтамасыз етуге және есірткі тасымалына қарсы күреске теріс әсер етіп отыр.

«Облыстағы полиция қызметкерлерінің жалпы саны нормативтерден әлдеқайда төмен, әр қызметкердің жүктемесі 2-3 есе жоғары. 100 мың тұрғынға шаққандағы полиция қызметкерлерінің саны республика бойынша 386 болса, Түркістан облысында – 185. Тіпті халық саны жағынан Түркістан облысынан екі есе аз өңірлерде полиция саны екі есе жоғары. Ондай фактілер бар. Бірақ ішкі істер органдарының негізгі қызметі адам құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау болып табылатындықтан, олардағы қызметкерлер саны да тұрғындар санына тікелей байланысты болуы тиіс», - деп атап өтті Әли Бектаев.

Осыған байланысты, сенатор өңірдегі қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту үшін Түркістан облысының полиция қызметкерлерінің санын көбейтуді сұрайды.