Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Батыс Қазақстанда қаржы пирамидасы пайда болды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық жолмен пайда таппақ болған топтың ісі тергеле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда қаржы пирамидасы пайда болды

Батыс Қазақстан облыстық экономикалық тергеу департаменті «WhatsApp» мессенджерінде «SWEET MONEY» деп аталатын қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс көтеріп, тергеу жұмысын бастады. Қаржы пирамидасына 70-тен астам адам тартылғаны анықталып отыр. Олардың алды алаяқтардың «қорына» – 5 мың теңге салса, алды – 200 мың теңгеге дейін салған көрінеді.

«Осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабы - алаяқтық жолмен қаражатты иеленіп алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алаяқтар жобаға қатысып, «Kaspi Gold» карточкасына ақша салған салымшыларға 6 күн ішінде салым сомасын 50-70% өсіммен қайтарып беруге уәде еткен. Әрине, бұл қаражат жобаға кейін қосылғандардың салған қаржысы есебінен алынатыны белгілі. Сондықтан алаяқтар барынша көп адамды пирамидаға тартып, қомақты қаражат жиналған соң ақшаны алып, жоғалып кетеді.

Батыс Қазақстан облыстық экономикалық тергеу департаменті «SWEET MONEY» зергерлік салонының осындай алаяқтық әрекетінен зардап шеккендер болса, департаментке келіп, шағымдануын сұрап жатыр.