Рәсім барысында елшілер Қазақстанның Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, сондай-ақ Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.
Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді дипломаттарды құттықтап, аккредиттелген елдерімен екіжақты қатынастарды дамыту бойынша тиісті тапсырмалар берді.