Кеше елімізге Германия, Мальдив Республикасы, БАЭ, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді. 2 965 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 334 адам, анықтамасыз 631 Қазақстан азаматы келді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 081; анықтамасыз - 239;
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 023, анықтамасыз - 297;
Орал қаласының әуежайына – 2 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен - 104; анықтамасыз - 95;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 10 наурызда шетелден анықтамасыз келген 374 Қазақстан азаматының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде үш жолаушы Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе рейсімен, бір жолаушы Анталия – Алматы рейсімен келген.