Қазақстан • 13 Наурыз, 2021

Олжас Бектенов: Ашықтық, айқындық және есептілікке баса көңіл аударуымыз қажет

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласы мен Тасбөгет кентіндегі сервистік әкімдіктердің жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Олжас Бектенов: Ашықтық, айқындық және есептілікке баса көңіл аударуымыз қажет

Азаматтардың қажеттілігіне бағдарлану – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бөлігінің бірі.

Осы тұрғыдан алғанда, ашықтық, айқындық және есептілік арқылы мемлекеттік аппаратты трансформациялау маңызды рөл атқарады.

2020 жылдың қорытындысына сәйкес Қызылорда облысы бойынша барлық қала, аудан әкімдіктері сервистік қызмет көрсетуге көшті.

Қызылорда қаласындағы сервистік әкімдікте 6 бөлім бірнеше мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Кабинеттер «оpen Space» форматында жұмыс істейді.

Шара барысында «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалмаған жерде таралады. Азаматтар заңды көмек алу үшін мемлекеттік қызметшіге сыйлық бермеуі тиіс. Адалдық, ашықтық пен әділдік – әр мемлекеттік қызметшінің бұлжымайтын қағидасына айналуы тиіс», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ тұрғындар «бір терезе» қағидаты бойынша азаматтарға жедел және кедергісіз қызмет көрсетуге бағдарланған жергілікті сервистік әкімдіктің жұмысын оң бағалады.