Аймақтар • 13 Наурыз, 2021

Қарағанды облысында 348 кенші өрттен құтқарылды

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Саран шахтасында, нақтырақ айтқанда 500 метр тереңдікте өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz «АрселорМиттал Теміртау»  компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында 348 кенші өрттен құтқарылды

Апатты жағдай болған кезде жер астында 348 кенші жұмыс істеп жүрген. Дер кезінде қабылданған құтқару шараларының арқасында олардың бәрі жер бетіне аман-есен шығарылып, төтенше оқиғағаның қайғылы жағдайға ұласуына жол берілмеді.

ТЖМ өндірістік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті директорының орынбасары Кеңгірбай Есенеев апаттың екі жағдайда болуы мүмкін екенін айтады. Оның біріншісі эндогенді өрт. Яғни ол  көмірдің өздігінен тұтануынан пайда болады. Ал екіншісі – экзогендік өрт.  Бұл жерде от сыртқы факторлардың әсер етуі салдарынан шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылып, апаттың салдарын жою және оның шығу себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.