Ведомство өкілдері хабарлағандай, өрт бүгін таңертең сағат 09:43-те Көкшетау қаласындағы жеке тұрғын үйде шыққан.
«Өртті сөндіру барысында 49 жастағы ер адамның денесі табылды. От 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт кезінде ер адам үйде жалғыз болған», деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда, сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды.
Көкшетау қаласы полиция басқармасының мәліметінше, ер адам уақытша жұмыс істемеген және маскүнем ретінде есепте тұрған.