Аймақтар • 13 Наурыз, 2021

Алматы маңында әскери ұшақ құлады

2975 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК-ның «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағыты бойынша ұшып келген АН-26 әскери ұшағы Алматы қаласына қону кезінде құлады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы маңында әскери ұшақ құлады

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы Қызылту ауылының маңында ұшақ құлады деген хабарлар қызу талқыланып жатыр. Алдын ала ақпараттарға сәйкес бортта 6 адам болған көрінеді. Оның 4-еуі қаза болып, 2-еуі ауыр жарақат алған.

«Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Сағат 17:20 шамасында байланыс үзілді. Бірден дабыл жарияланды. Біздің барлық қызмет сол жерге аттанды. Ұшақ жолаққа жетпестен құлап түсті», деді баспасөз қызметінің өкілі.

Әзірге жоғарыда айтылған ақпараттар ресми расталмағандықтан, апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Кадрларда ұшақтың сынықтары түтіндеп, отқа оранған. Айналасында өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.