Экономика • 13 Наурыз, 2021

Ұлттық қордың активтері бір айда қанша долларға азайды?

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл шешім Ұлттық қор активтерінің сыртқы факторларларға қатысты  қаупін барынша азайту үшін қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлттық қордың активтері бір айда қанша долларға азайды?

Ұлттық қордың тұрақтандыру портфелінің максималды және минималды көлемін сақтау мақсатында тұрақтандыру портфелінің активтерін толтыру немесе алу шарттарына өзгерістер енгізілді. Осы орайда Қордың тұрақтандыру портфелінің минималды деңгейі 5 миллиард доллар болуы тиіс деген талап күшінде қалды.

Егер әр тоқсанның аяғында тұрақтандыру портфелінің мөлшері 5 миллиард доллардан кем болса, қаражат жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне аударылады. Сондықтан активтерді тұрақтандыру және жинақ портфолиосына бөлінеді. Жинақ портфелі тәуекелдің тиісті деңгейімен ұзақ мерзімді кірістілікті, тұрақтандыру портфелі Ұлттық қор активтерінің өтімділігінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуді көздейді.

Ұлттық қордың активтері 2021 жылдың ақпан айының соңында бір айда 70 миллион долларға азайып, 57,6 миллиард долларды құрады.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, ақпан айында 375 миллиард теңгеге немесе 900 миллион долларға мақсатты және кепілдендірілген трансферттер бөлу үшін 443 миллион доллар сатылған.