CBS арнасынан таратылған екі сағатқа созылған сұхбат барысында бірқатар тақырыптың басы шалынды. Ең алдымен, Меган Маркл сарайдағылар олардың бірінші ұлы Арчиге ханзада титулы берілмейтінін, сәйкесінше күзет те тағайындалмайтынын айтып ескерткенімен бөлісті. Герцогиняның ойынша, бұл – бұрыннан келе жатқан дәстүрді бұзу.
«Олардың ондай құқы жоқ. Менің ойымша, бұл оның нәсіліне қатысты шешім болды. Сондықтан басқа немерелерінен бөлек ережелерге бағынуға тиіс-ті», деді Меган. Дегенмен Сассекс герцогы бұл тақырыпқа қатысты ештеңе ашып айтпады. «Мен бұл тақырыпқа қатысты ештеңе айтпаймын. Алайда, мені бірқатар БАҚ ұлымыздың нәсіліне қатысты әңгіме айтқанда отбасымның бұған қатысты еш пікір білдіріп, бізді қолдамағаны қынжылтады. Тіпті Парламенттің 70 мүшесі пікірін білдіргенде, отбасым үнсіз қалды», деді Гарри.
Басылымдар бұл сұхбаттан кейін екіге бөлінді. Бірі Меганның суицидке әрекетін естігеннен кейін Патшайым отбасыға Диана қатысты оқиғадан еш сабақ түймегенін айтса, екіншілері керісінше Меганды сынға алды.
Сұхбат Патшайым отбасына қатысты пікірді өзгертері анық. Өйткені Гарри туыстарын салқын әрі мейірімсіз, тек материалдық құндылыққа құныққан адамдар ретінде суреттеген.
Бірнеше күннен кейін Кембридж герцогі Уильям інісі Гарридің сұхбатына қатысты мәлімдеме жасады. Отбасының нәсілдік алалаудан аулақ екенін, інісімен міндетті түрде сөйлесетінін хабарлаған. Бұл жайтқа биліктегілер де бейжай қарамай, депутаттар мен министрлер тергеу жүргізілу керектігін айтты.