Спорт • 15 Наурыз, 2021

Елордада грэпплингтен Қазақстан кубогы өтті

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел кубогын сарапқа салған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 500-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада грэпплингтен Қазақстан кубогы өтті

Екі күнге созылған бәсеке 2008-2009 жылғы балалар мен 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында өтті.

Жалпыкомандалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы 15 алтын, 11 күміс және 16 қола жүлдемен ел кубогын жеңіп алды.

Екінші орында – Алматы облысының спортшылары. Жетісулықтардың қоржынында 10 алтын, 6 күміс, 14 қола жүлде.

Ал Маңғыстау облысы 7 алтын, 7 күміс, 9 қола жүлдемен үздік үштікті қорытындылады.

Қазақстан грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алиннің айтуынша бұл жарыс – Қазақстан грэпплинг қауымдастығының биылғы алғашқы додасы.

«Бұл жарыс алдын ала іріктеу турнирі. Осы жылдың сәуір айының соңында Қарағанды қаласында Қазақстан чемпионаты өтеді, ол да әлем чемпионатына іріктеу жарыстарының аясында ұйымдастырылады. Жалпы бүгінгі жарыста спортшылардың дайындық деңгейі өте жақсы», деді Қанат Алин өз сөзінде.