Шымкентте Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша тұрақты рейдттік іс-шаралар жүргізуде. Тәртіп сақшылары кезекті рейд барысында қала орталығында орналасқан «UNION» түнгі клубының карантин режимін бұзып, жұмыс істеп тұрғанын анықтады.
Жалпыға ортақ шектеу шараларын сақтамауымен қатар, карантин талаптарын елемеген нысан әкімшісінен түсініктеме алынып, карантин талаптарын бұзу дерегі бойынша материал шара қолдану үшін мүдделі органға жолданды.