Білім • 15 Наурыз, 2021

Қашықтан оқыту форматынан дәстүрлі форматқа көшіру қиындай түспек

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның алқа мәжілісінде енді қашықтан оқыту форматынан дәстүрлі форматқа көшіру қиын болатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қашықтан оқыту форматынан дәстүрлі форматқа көшіру қиындай түспек

«Тағы бір мәселе – ол қашықтан оқыту тетіктерін жетілдіру. Пандемия аяқталғаннан кейін университеттер, колледждер мен мектептерде қай мөлшерде және қандай жағдайда қашықтан оқыту тетігін дамытамыз деген өте маңызды сұрақ болып тұр», дейді министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, талқыға түскен мәселелер күн тәртібінде пысықталып жатыр.

«Қазіргі кезде бірте-бірте мектептер ашылып жатыр. Десек те қиын міндет мектептерді жауып, осындай қашықтан оқытуға көшіру емес, яғни, керісінше, енді қашықтан оқыту форматынан дәстүрлі форматқа көшіру қиын жұмыс болады. Сондықтан осы мәселені жан-жақты қарастырып, тиісті жұмыста атқаруымыз керек», деді А. Аймағамбетов.

Министр тілге тиек еткендей, бұл бағытта министрлік арнайы бағдарлама әзірленіп дайындалды.