Қоғам • 15 Наурыз, 2021

Мәулен Әшімбаев «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновті құттықтады

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев музыкант Иманбек Зейкеновті «Грэмми» сыйлығын жеңіп алуымен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновті құттықтады

«Отандасымыз, талантты музыкант Иманбек Зейкеновті «Грэмми» сыйлығын жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміз үшін тарихи жеңіс және зор мәртебе. Дарынымен барша әлемді таң қалдырған жерлесіміздің алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.

Иманбек бауырымыздың жеңісі барша қазақ жастарын қанаттандырып, алға жетелейтіні сөзсіз. Шын мәнінде, арманы асқақ, мақсаты айқын адам үшін алынбайтын қамал жоқ. Ең бастысы, ешқашан арманнан қол үзбей, сол жолда талмай еңбек ете білу керек. Жеңіс құтты болсын!» деп жазды М. Әшімбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің Grammy сыйлығын жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50