Экономика • 15 Наурыз, 2021

Ұлттық банк банкноттардың жаңартылуы туралы жоспарымен бөлісті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау үшін шексіз мерзім белгілеуге байланысты жоспарларымен таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық банк банкноттардың жаңартылуы туралы жоспарымен бөлісті

Жиын барысында белгілі болғанындай банкноттарды, оның ішінде 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастаудың мерзімсіз кезеңін енгізу туралы шешім қабылданыпты. Мұндай тәжірибені енгізу жұмыстары өткен жылдың соңында басталған.  

Көрсетілген мерзімнен кейін екінші деңгейдегі банктер үшін ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастау кезеңі 3 жыл ішінде, ал ҚРҰБ филиалдары үшін мерзімсіз кезең белгіленеді.

Банкноттарды мерзімсіз айырбастау бойынша қосымша ақпарат Ұлттық Банктің актілеріне тиісті өзгерістер енгізілген соң Ұлттық Банктің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

Ел азаматтары банкноттарды Ұлттық Банктің актілеріне тиісті өзгерістер енгізілген соң Ұлттық Банктің филиалдарында ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастай алады.

Банкноттардың айырбасталуын жаңарту жөніндегі ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады. Сондай-ақ Ұлттық банк  банкноттарды айналымнан алу туралы шешімді не себепті қабылдағанын да түсіндіріп берді. 

Ұлттық Банктің негізгі міндеттерінің бірі – ұлттық валютаның ақша белгілерін қолдан жасаудан қорғау болып табылады. Технологиялық прогрестің үдей түсуіне орай халыққа ажырату қиынға түсетін жалған ақша белгілерінің пайда болу ықтималдығы артады.

Осыған байланысты Ұлттық Банк ұлттық валютаның ақша белгілерінің қорғаныш қасиеттерін күшейту жұмысын жүргізеді және қолдан жасаудан барынша қорғалған банкноттарды шығарады.