Аймақтар • 15 Наурыз, 2021

Түркістан облысында қар құрсауынан 33 адам құтқарылды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында демалыс күндері толассыз жауған жаңбырдың соңы қалың қарға ұласып, облыстық маңызы бар жолдар жабылған болатын.

Түркістан облысында қар құрсауынан 33 адам құтқарылды

Созақ ауданы Құмкент елді мекенінің жанында, облыстық маңызы бар «Созақ – Тараз» тасжолының 45 шақырымында, «YUTONG» жолаушылар тасымалдайтын автобус көктайғақ салдарынан жолдың шетіне шығып кеткен. Бұл  жайлы хабарлама 101 кезекшілік пультіне келіп түскен. Оқиға орнына жеткен Түркістан облысы ТЖД 15 қызметкері мен техникасы автобусты жолдың тазартылған бөлігіне алып шықты. Автобустағы 29 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. Департамент қызметкерлері құтқарылған адамдарды Шолаққорған ауылына жеткізу барысында  жолда Құмкент ауылында қар құрсауында қалып қойған 4 адамды, оның ішінде жүкті әйелді және баланы құтқарды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, жексенбі күні қар құрсауынан құтқарылған 33 адам Шолаққорған ауылына жеткізілген.  Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.