«Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды. ҰҚК апат салдарынан қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетуде», делінген хабарламада.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде мерт болған әскери қызметшілер еске алынып, ҰҚК Орталық аппаратының ғимаратында ведомстволық ту төмен түсірілді, сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында «Бір минут үнсіздік» жарияланады. Құрылған ведомствоаралық жұмыс комиссиясы әуе апатының мән-жайын анықтау және борттағы өздігінен жазатын құралды талдау бойынша жұмыс жүргізуде.