1860 жылы Орынбор облыстық басқармасының (бұрынғы Шекаралық комиссия) төрағасы В.В. Григорьев далалық Торғай, Ырғыз, №1 форт (Арал теңізі маңындағы Райым бекінісі), Перовск (қазіргі Қызылорда) бекіністерінде және шекара бойындағы Троицк қаласында мектеп ашу үшін Орынбор мектебінің 5 түлегін мұғалімдік қызметке аттандырады. Біз осы Орынбор мектебі туралы мерзімдік басылымдарда алғашқы жазылған мақалалардың бірі туралы сөз қозғамақпыз. Себебі ондағы деректер көпшілікке және алтынсаринтанушыларға аса таныс емес.

Орынбор басқармасы Торғайға – Ыбырай Алтынсаринді, Ырғызға – Шахмұрат Құлыбековті, Троицкіге – Нұрым Мұңсызбаевты, №1 фортқа, яғни Арал теңізі маңындағы Райым бекінісіне – Жолмұхаммед Байжановты, Перовскіге Халилула Құнановты жібереді. Ал М.Бахтияров Орынбордағы мектепте қалады.
1861 жылдың 1 қыркүйегінде Троицкі қаласында тұңғыш орыс-қазақ мектебі ашылады. Оның ашылу рәсіміне В.Григорьевтің өзі арнайы барып қатысады және мектеп туралы мақала да жазады. Далалық өлкедегі орыс-қазақ мектептерінің тарихы осылайша басталды.
Көрнекті қайраткер-ағартушы Ы.Алтынсарин 1850 жылы ашылған оқу мерзімі 7 жыл, құрылымы 4 кластан тұратын Орынбор мектебінде оқығаны белгілі. Ол – аталған мектептің 20 оқушыдан тұратын алғашқы түлектерінің бірі. Олар мектептен кейін Ресей әкімшілігінің далалық өлкені басқару жүйесіндегі қызметтерге тартылды.
Орынбор қаласында қазақ балаларына арнайы ашылған орыс мектебінің жалпы тәртібі 1844 жылы қабылданған «Орынбор қазақтарын басқару ережесінде» бекітіледі. Ашылу тарихы ұзақ жылдарға созылған Орынбор мектебі Ресей империясының құрамындағы бөгде жұрттардың әлеуметтік мәселелерін шешу жолындағы үлкен жетістік ретінде бағаланды. ХІХ ғасырдағы басылымдар мектептің маңызын осылай бағалады.
1852 жылы Орынбордың тумасы, суретші А.Ф.Чернышев мектепте болып, оның жұмысымен танысып, 1853 жылы орталық газеттердің бірінде «Школа для киргизских детей в Оренбурге» деген атпен мақала жариялайды. Автор Орынбор мектебінің орналасқан мекенжайын, оның алғашқы ашылу тарихын, күн тәртібін, оқушылардың хал-жағдайын баяндайды, оқу орнының атқарып отырған жұмысына таңданыс білдіріп, оны риза көңілмен сипаттайды және мектептің ішкі көрінісі мен оқушыларын қылқалам бояуына арқау етеді.
Сонымен қатар суретші Орынбордағы мектепте оқып жүрген оқушылардың мерекелік, жаздық, жаздық-көшпелі, қыстық, қыстық-сыныптық киімдерін көрсету мақсатында бес баланы суретке салады. Автор олар туралы былай дейді: «Өздері бір ғажап балалар: ұқыпты, сүйкімді, байсалды, олар өзге азиаттықтар сияқты салмақты қозғалады, құдды бүкіл адамзатқа тән данышпандықты бойларына сіңіріп алған сияқты; кейін бұлардан қандай жеміс күтуге болады? Сіздер менің балаларға қарап отырып өз қолыммен салынған суретте бес данышпанды көріп отырсыздар».
А.Чернышев «Бес данышпан» деген 5 шәкірт мектепке алғаш қабылданған 30 бала арасынан таңдалып алынғаны анық. Бізді мазалайтын сауалдың бірі – суреттегі бес ұлдың біреуі Ы.Алтынсарин болуы әбден мүмкін екендігі. Өйткені ол мектепке қабылданған күннен-ақ пысықтығымен, елгезектігімен көзге түседі, оқуды үздіктер қатарында тәмамдайды. Өзін ауылдан қалаға оқуға алып келген Жетібай Өтемісовті Орынборда қалдыруға Шекаралық комиссия төрағасына өтініш айтып, оны мектеп жанында қалдырады. Ж.Өтемісов 7 жыл мектепте балалардың тәрбиесін қадағалауға көмектеседі. Суретте кескінделген балалардың ішінде қайсысы Ы.Алтынсаринге ұқсайтынын немесе оның жоқтығын кәсіби суретшілер анықтай алады деп сенеміз. Себебі Ы.Алтынсариннің кескіні біздерге фотосурет арқылы сақталып жетті.
А.Чернышевтің «Бес данышпаны» қатарында, бәлкім, Ы.Алтынсаринмен бірге мектепте оқыған, кейін түрлі қызмет атқарған Ш.Құлыбеков, Н.Мұңсызбаев, М.Бахтияров, Ш.Көшербаевтар бар шығар? Кім білген?
1857 жылы Шекаралық комиссия әкімшілікте аудармашылық жұмысқа машықтануды игеруге және мектепке қабылданушылардың оқуына көмектесуі үшін мектептің үш түлегін – Ш.Құлыбеков, Ш.Көшербаев, М.Бахтияровты Орынборда қалдырады. 1858-1860 жылдары олар әкімшілік тапсырмасымен Шекаралық комиссияға аудармашы болып қызмет жасаған Н.Ильминскийге орыс тіліндегі іс қағаздарын қазақ тіліне аударуға, мектептің жұмысымен танысуға, қазақ фольклоры үлгілері мен қазақ тілінің лексикалық сөздік қорын жазып алуға көмектеседі.
Н. Ильминский әкімшілік жанында көмекшілікке қалған түлектердің бірі – Мерғали Бахтияров туралы былай деп жазады: «Мен бұл бозбалалардың көмегімен қазақ мектебімен таныстым. Мектепке өзінің кезекшілігінде Бақтияров алып келді. Ол өте сымбатты, пысық, шашы қап-қара, қазақы пішінді жап-жас жігіт еді. Гимнастиканы жақсы жасайды әрі шебер биші, скрипкада да керемет ойнайды – осының бәрін ол өз бетінше үйренген».
Н.Ильминский 1859 жылдың қыс айларында Марабай ақынды Орынборға алдыртып, Шахмұрат Құлыбековтің көмегімен «Ер Тарғын» жырын жазып алады. Кейін ол жыр баспа бетінде жарияланып, қазақ даласының бір түпкірінде ашылған мектептердің оқу үрдісіне қосымша кітап ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар Н.Ильминский Орынбор кезеңіндегі жинаған материалдарын негізге ала отырып, қазақ тілі бойынша зерттеу жұмысын жазады.
Түйіндей келгенде, далалық өлкеге ұстаздық етуге суреттегі «бес данышпан» аттанды ма, әлде жоқ па, ол маңызды емес. Маңыздысы – оның бүгінгі тарихи танымдағы рәміздік сипатқа ие болған мазмұнында деп ойлаймыз.
Алмасбек Әбсадық,
филология ғылымдарының докторы
Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді
Қазақстан • Бүгін, 17:10
Президент мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады
Президент • Бүгін, 16:52
Елордада велосипедшілер шеруі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:45
232 маңғыстаулық көлік жүргізуші куәлігінен айырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Қаржы • Бүгін, 16:23
Елордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының форумы өтеді
Елорда • Бүгін, 16:17
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президентімен сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:04
Демалыс күндері 33 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 15:50
Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:40
Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:33
Референдумға латвиялық бақылаушылар келеді
Референдум-2022 • Бүгін, 15:25
Әрбір фермер бөлінетін қаражаттың игілігін көруі тиіс – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 15:12
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Спорт • Бүгін, 15:00
Үй кезегін жылжытуға тырысқан бойжеткен алаяқтарға алданып қалды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Елдегі қылмыс жасағандардың 80 пайызы жұмыссыздар
Қазақстан • Бүгін, 14:35
СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 14:22
Қазақстанда электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 14:12
Армения алғашқы ғарыш спутнигін ұшырды
Әлем • Бүгін, 13:59
Шардарада балық аулаудан республикалық жарыс өтті
Аймақтар • Бүгін, 13:42
Досын пышақтаған қылмыскерге сот үкімі шықты
Аймақтар • Бүгін, 13:27
Мұнай тиелген 17 вагон өзенге құлады
Әлем • Бүгін, 13:18
Саяжайдан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Рио-де-Жанейродағы полиция операциясынан 21 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 12:54
Түркістан облысында бір аптада 90-нан астам құқықбұзушылық анықталды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Нұр-Сұлтанда әйел мен жасөспірімнің үстіне баннер құлады
Елорда • Бүгін, 12:35
Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыра береді
Қазақстан • Бүгін, 12:25
Солтүстік Қазақстанда қант тағы қымбаттады
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Ырғыз ауданының екі ауылына газ беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:07
Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумының бас директорымен кездесті
Саясат • Бүгін, 11:54
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:42
Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісін тапты
Медицина • Бүгін, 11:35
Қарағандыда кабель мен кәріз люктерін ұрлап кеткендер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:14
Президент Мырзатай Жолдасбековті құттықтады
Президент • Бүгін, 11:08
9,5 млн адам коронавирусқа қарсы екпе алды
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Қарағандыда пойыз рельсін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Өткен тәулікте 8 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:37
ШҚО-да 34,8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Шетелдіктер үшін ЖСН алу қызметі уақытша тоқтатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:12
Биодизель өндіретін зауытта жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 10:02
Ұқсас жаңалықтар