Өткен жылы Ұлттық ғылыми кеңестің құрамы жаңартылып, жұмысының жаңа қағидалары бекітілген болатын. Жобалардың экономикалық сараптамасы мен Ұлттық ғылыми кеңес балдарын саралау рәсімі, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама енгізілді.
2021 жылы алғаш рет ғылыми ұйымдарды жаңғыртуға 2,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл 22 ғылыми-зерттеу институтының материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік берді.
Қысқа уақыт ішінде биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары өте маңызды жұмыс жүргізіп, бірден бес вакцинаны әзірлеп шықты. Олардың алғашқы екеуі клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан сәтті өтіп жатыр. Отандық вакциналар өндірісін іске қосу үшін GMP-нің барлық талабына сәйкес келетін зауыт салынып жатыр. Ғылымды қаржыландыруды одан әрі ұлғайту жоспарланып отыр. Ғылымға арналған шығындар 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 1% - не дейін өседі. Бұл қазақстандық ғылымның дамуына жаңа серпін береді.
Ғылымға арналған шығындар 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 1% - не дейін өседі, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-құрметі үшін алғыс айтты
Президент • Бүгін, 00:47
Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай түйткілді мәселе жоқ - Тоқаев
Президент • Бүгін, 00:29
Президент білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы айтты
Президент • Бүгін, 00:27
Астанада «Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достығы» аллеясы ашылады
Президент • Бүгін, 00:03
Ресей елімізге 24 млрд доллардан астам инвестиция салды - Президент
Президент • Кеше
Екі ел Президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады
Президент • Кеше