2 450 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 300 адам, анықтамасыз 150 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 367 жолаушы, анықтамамен – 1 302, анықтамасыз - 65;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 531 жолаушы, анықтамамен - 500; анықтамасыз - 31;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 288 жолаушы анықтамамен келген;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 84; анықтамасыз - 54;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген 793 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.