Коронавирус • 16 Наурыз, 2021

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы анықталды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейде коронавирустың оңтүстік африкалық штаммы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы анықталды

«Талдау нәтижесінде 28 - британдық, 2 - оңтүстік африкалық штамм анықталды. Бразилиялық штамм тіркелген жоқ. Сондай-ақ коронавирустың 16 басқа мутациялары табылды», делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, зерттеулерді Роспотребнадзордың 14 ғылыми-зерттеу ұйымдары жүргізіп жатыр. Соңғы уақытта шетелден келген, олармен байланыста болған, қайта жұқтыруға күдікті адамдардан, бес жасқа дейінгі балалардан және аурудың атипті ағымы бар адамдардан клиникалық материалдың 8 159 үлгісі жиналған.