Қоғам • 16 Наурыз, 2021

Мектептерде биометриялық деректер жиналатыны рас па?

1695 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектептерде балалардың ата-аналарының келісімінсіз биометриялық деректерді жинау және оқушыларды белгісіз бағытта алып кету жағдайлары туралы хабарлама қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. Білім және ғылым министрлігі аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Мектептерде биометриялық деректер жиналатыны рас па?

Әлеуметтік желілерде ата-аналарға балаларды педагогтардан жасырынуға үйретуге кеңес берілуде. Өйткені мектептерде жасырын түрде балалардың биометриялық мәліметтері алынады және оларды кез келген уақытта сабақтан белгісіз бағытта алып кетуі мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Балаға қатысты барлық іс-әрекеттер ата-аналармен келісілуі керек. Бұл ретте сабақ кезінде қандай да бір іс-шаралар өткізуге жол берілмейді. Педагогтарға биометриялық деректерді жинаудың қажеті жоқ», деп хабарлады ҚР БҒМ.

Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.