Аймақтар • 17 Наурыз, 2021

Атырауда шаңды дауыл басылмай тұр

755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Атырауда қатты соққан желдің екпіні секундына 20 метрге жетіп, шаңды дауылды көтерген еді. Шаңды дауыл бүгін де басылған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда шаңды дауыл басылмай тұр

Қазір өңір аумағын да, Атырау қаласын да шаңды дауыл басып тұр.

«Бүгін ауа-райының қолайсыздығынан жылдамдығы секундына 23 метрге жететін қатты жел болатыны күтіліп отыр. Осыған байланысты жүргізушілер жолда жүру ережесіне сәйкес, арақашықтықты сақтап, абай болғаны жөн. Ал тұрғындар үлкен ғимараттардың шатырынан сақ болуы керек», деп ескертті төтенше жағдайлар департаменті.