Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елшілікте студенттермен болған кездесуде Діни басқарманың жауапты өкілі Руслан Серғазиевке сыйлықтың сертификатын ресми түрде табыстады.
«Діни басқарма шетелде оқып жатқан шәкірттерді рухани һәм әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Білімнің құбылысы болып саналған Мысыр елінде толыққанды білім алып, елге оралып, қоғам игілігі үшін қызмет етуге шақырамын», деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, қайырымдылық бағыттағы қаржы ҚМДБ «Зекет» қорынан бөлінді.