«Жасыл» алапты біртіндеп кеңейту өзекті міндет болып отыр. Президент бұл мәселеде ағаштардың заңсыз оталуына және бақтардың жойылуына, оның ішінде, қаланың тарихи орталығындағы көгалдарға қатысты алаңдаушылығын білдірді.
«Қаланы көгалдандыру мәселесінде науқаншылыққа, ұқыпсыздыққа және әлдекімдердің мүдделерін қолдауға жол берілмеуі тиіс. Бұл мәселеде ғылыми көзқарасқа, кәсібилікке, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға және қаланы үйлесімді дамытуға басымдық берілуі керек. Алматыға «жасыл қала» мәртебесін қайтаруға міндеттіміз», деді Мемлекет басшысы.