Президенттің айтуынша, соңғы 10 жылда Алматыға өзге елден келушілердің саны үш есеге артқан, ал, 2019 жылы бұл көрсеткіш 435 мыңға жеткен. Ішкі туризм бойынша да оң өзгерістер бар. Сондай-ақ ол Алматы Mercer компаниясы өткізетін беделді рейтингке қосылған бірден-бір қала екенін атап өтті.