Арман Орынбеков - Шымкент қаласындағы № 90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры болып қызмет атқарады. Осыған дейін Арман Шымбайұлының 80-нен астам әдістемелік-оқу құралдары жарық көрді.
2019 жылғы «Үздік педагог» атағының иегері. 1999-2012 жылдар аралығында қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларында 21 оқушысы; қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық тарих, құқық, азаматтану пәндерінің конкурстарында, дебат сайыстарында 50-ге жуық оқушылары жүлдегер атанған.
Сонымен қатар, мектеп-гимназияның оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі әр түрлі білім, өнер, спорттық байқаулар мен жарыстарда, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарында 200-ге жуық, ұстаздары қалалық пәндік олимпиадалардан және әр түрлі деңгейдегі байқаулардан 80-нен астам жүлделі орындарды жеңіп алған.