Тағайындау • 18 Наурыз, 2021

Атырау облысының Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Президент Әкімшілігінің келісімімен Құрманғазы ауданының әкімі лауазымына Марат Мурзиевты тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысының Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Аудандық мәслихаттың депутаттары жаңа әкімнің кандидатурасына қолдау білдірді.

Марат Бисенғалиұлы 1981 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін үздік бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Атырау қаласында табиғат қорғау прокурорының көмекшісі болып бастады.

2006-2008 жылдары жеке кәсіпорындарды басқарды. 2009-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы әкімінің кеңесшісі, 2010-2011 жылдары білім беру басқармасының бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

Ал 2011-2012 жылдары Атырау облысы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2013 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2013-2017 жылдары Атырау облыстық тексеру комиссиясының төрағасы болған.

2017 жылдың наурызынан осы тағайындауға дейін Исатай ауданының әкімі қызметін атқарды.