Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұсталған үш күдікті Батыс Қазақстан мен көршілес Атырау облысының аумағында жайылып жүрген малдарды атып, етін ұрлап отырған. Қарауылға іліккен малдардың дені Қамбар ата түлігі. Қылмыс болған жерлерден малдың басы мен ішек-қарыны ғана табылыпты. Ал полицияға арызданған Атырау облысының тұрғындары кейін өз малдарын таныған. Қылмыстық топты ұстауға Қаратөбе ауданы мен Тайпақ полиция бөлімдері атсалысты. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде соңғы 2 жылда мал ұрлығы едәуір төмендеген. Мәселен, былтыр 27 қылмыстық топ пен 178 мал ұрлаушы анықталып, олардың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Ал биыл жыл басынан бері облыс аумағында 38 мал ұрлығы тіркеліп, оның 21-і ашылған.
- Олар қазіргі таңда қамауға алынып тағы да ашылмаған мал ұрлығы фактілеріне байланысы бар-жоғы тесерілуде. Қазіргі кезде мал ұрлығы бойынша 188-баппен іс қозғалуда. Олардың жасаған қылмыстары әшкереленіп, көршілес Атырау облысында жасаған және біздің БҚО-да жасаған қылмыстары тексерілуде, - деді облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Ерлан Арыстанов.