Аймақтар • 18 Наурыз, 2021

Шиеліде екі жасөспірім суға батып қайтыс болды

3265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Шиелі ауданында екі жасөспірім көлдегі суға батып қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шиеліде екі жасөспірім суға батып қайтыс болды

Шиелі аудандық полиция бөліміне хабар келіп, аудандық жедел жәрдем бөлімі мамандары телефон арқылы оқиға барысы жөнінде хабарлаған. Қайғылы оқиға бүгін сағат 12:45 шамасында болды. 

«Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып тексеру жүргізді. Зерттеу барысында 2013 жылғы ұл бала мен 2015 жылғы туылған қыз баланың үйіне 5-8 метр жерде орналасқан «Сүйіндік» қөлінің үстіндегі мұзда ойнап жүріп, суға батып қайтыс болғаны анықталды. Жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта тұрғындар судан мәйіті (киіммен) шығарды. Қайғы жамылған отбасына аудан әкімдігі тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады», деді Шиелі аудандық әкімдігінің өкілі.