Теннис • 19 Наурыз, 2021

Олимпиадаға соңғы мүмкіндік

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қатар астанасы Дохада үстел теннисінен Азия аймақтық Олим­пиадаға іріктеу турнирі басталды. Атал­ған сын қазақстандықтар үшін ли­цензия алуға соңғы мүмкіндік болмақ.

Олимпиадаға соңғы мүмкіндік

Токиода өтетін жазғы Олимпия ойындарына берілетін жолдама үшін Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева және Анастасия Лаврова таласады. Бір айта кетерлігі, Олимпиада жолдамасын тек турнир жеңімпазы атанған спортшылар ғана иеленеді. Осыдан бірер күн бұрын Дохада өткен әлемдік іріктеуде қазақстандық теннисшілер бірінші кездесулерінде-ақ ұтылып қалған еді.