Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Шонжыдағы көшелерге әл-Фараби, Абай және Мұқағалидің есімдерін беру ұсынылды

742 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шонжы ауылының орталық көшелеріне әл-Фараби, Абай, Мұқағали есімдерін беру ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шонжыдағы көшелерге әл-Фараби, Абай және Мұқағалидің есімдерін беру ұсынылды

Көше атауларынын өзгерту туралы бастама ономастика заңнамасына сәйкес ашық түрде көпшіліктің дауыс беруімен жүзеге асады. Бүгінгі таңда тұрғындардың пікірі сұралып, көбі бұл тарихи өзгерісті қолдаған. Жаңа атауға ұсынылған көшенің алғашқысы әл-Фараби.

Аудан ортылығындағы ең үлкен көше 232 үй, аудандық кітапхана, бірнеше маңызды әлеуметтік маңызды нысан орналасқан. Шонжыдағы тағы негізгі бір көшеге қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының аты берілсе деп айтылды. Сондай-ақ биыл 90-жылдық мерейтойы аталып өтілетін Мұқағали Мақатаев атына да көшеге берілмек.

Оған қоса Қара дала мекенін дамытуға зор үлес қосқан Кентал Исламов, Нуршидин Аппазов, Абдулла Розыбакиевтердің есімін аудан орталығында жаңадан салынып жатқан үш көшеге беру ұсынылды.

Аталған атауларды беру және оны қайта атау туралы мәселелер жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберді. Алдағы жеті күннен кейін шешім қабылданып, заңды күшіне енетін болды.

Ауыл тұрғыны Сайдахмет Қасымов әлемге әйгілі әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының есімдерін ауыл көшелеріне баяғы-ақ беру керек еді. Бұл ұсынысты бізде ауыл тұрғандары болып қолдайтынын айтты.

Осы орайда аудандық мәслихат хатшысы Нұрәкім Есжановтың айтуынша, өзгерген көше атаулары жеті күннің ішінде күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар