Айта кетейік, жоба аясында кәсіпкерлік субъектілері Денсаулық сақтау министрлігінің ПТР-зерттеулер туралы деректер базасымен біріктірілген Ashyq мобильді қосымшасымен жұмыс істейді. Мекемеге кірер кезде және шығар сәтте QR-кодтар белгіленеді. Осы арқылы келушінің вирус тасымалдаушы немесе тасымалдаушы еместігі туралы мәртебесі анықталады.
Қазір қосымшаны фитнес-клубтар, спа-орталықтар, бассейндер, боулинг клубтары, компьютерлік клубтар мен сауналар пайдаланады.
Кәсіпкерлер үшін жобаның артықшылығы — оның аясында жұмыс істей отырып, қай аймаққа орналасқанына қарамастан қызметін қайта бастауына немесе жалғастыруына болады.
Айта кету керек, мекемеге кірер сәтте келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі:
–– «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде;
– «сары» мәртебе – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған;
– «көк» мәртебе – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ;
– «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.
Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін Ashyq жобасына қатысушылардың тізімімен қала әкімдігінің ресми сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады.