Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

ТМД елдерінде теңдесі жоқ кәсіпорын Шымкентте орналасқан

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зауыт халықаралық стандарттарға сай келетін медициналық бұйымдар өндіреді, деп хабарлайды Еgemen.kz

ТМД елдерінде теңдесі жоқ кәсіпорын Шымкентте орналасқан

Оңтүстік Корея технологиясымен жұмыс істейтін «Marai E7 Group» ЖШС баламасы жоқ өнімдерімен танымал. Зауыт халықаралық стандарттарға  сай келетін 17 медициналық бұйым  өндіреді. Қазіргі таңда отандық  ортопедиялық жабдықтардың бағасы басқа өндірушілерден қарағанда әлдеқайда төмен.

Кәсіпорын жылына 500 000 таңғыш пен 274 000 ортопедиялық заттар шығарады. Өнімнің бұл түрі әртүрлі сынықтарға қолданылады және оның жеңілдігімен, икемділігімен және тез қатаюымен ерекшеленеді.

Өткен жылы эпидемиологиялық ахуал өршіген кезде «Даму» Қоры қолдау көрсетті. Кәсіпкер екінші деңгейлі банктен 14,95% несие рәсімдеп,  8,95% «Даму» қоры  субсидиялады.

Бүгінгі таңда «Marai E7 Group» компаниясының өнімдері аллергия тудырмайтын, ылғалданбайтын, ісінбейтін және рентгендік диагностикаға кедергі келтірмейтін сапалы өнімдерімен сұранысқа ие.