Қоғам • 19 Наурыз, 2021

Елордада бірқатар мамандық иесі «Халық алғысы» медалімен марапатталды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада коронавирус пандемиясына қарсы күресте еңбек еткендер «Халық алғысы» медалін иеленді. Марапаттарды Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада бірқатар мамандық иесі «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Пандемия басталғалы бері көптеген сала мамандары, қарапайым азаматтар коронавирус инфекциясының тұрақтануы үшін бәрін жасап жатыр. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша әр саланың мамандарын естелік медальдармен атап өту туралы шешім қабылданды. Марапаттау рәсіміне дәрігерлер, педагогтар, журналистер, қоғам белсенділері қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Халық алғысы» медалімен марапатталғандарыңызбен құттықтаймын. Пандемия кезеңінде үлкен жұмыс жүргізілді. Ол әлі де жалғасып жатыр. Қауіпті инфекциямен қазір де күресіп жүрміз. Мұғалімдерге, дәрігерлерге, журналистерге, қоғам қайраткерлеріне, белсенділерге, еріктілерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олардың бәрі қаламыздың, еліміздің игілігі үшін жұмыс істеп жүр. Сондықтан біз ұйым жетекшілерімен бірлесіп, сіздерді құрмет белгілерімен марапаттау туралы ұсыныс жасадық. Қала басшылығының атынан жұмыстарыңызға табыс, сәттілік, мықты денсаулық және бастарыңызға амандық тілеймін. Пандемия басталғалы бері ең маңызды тілек – денсаулық болып отыр және солай болып қала береді», деп атап өтті Бақтияр Мәкен құттықтау сөзінде.