Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Атырауда 72 отбасыға жаңа пәтер берілді

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Наурыз мерекесі қарсаңында 72 отбасы жаңа пәтерге ие болып, қуанышқа кенелді, деп хабарлайды Еgemen.kz

Атырауда 72 отбасыға жаңа пәтер берілді

«Нұрлы жер» бағдарламасымен «Береке» шағын ауданында бой көтерген баспана үш әлеуметтік санатқа жататын мұқтаж отбасыларға берілді. Оның ішінде көп балалы 27, тұрмысы төмен 28 отбасы бар. Сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім 17 тұрғын да жаңа пәтердің кілтін алды.

«Менің отбасымда бес бала бар. Көп жылдан бері баспананың қиындығын көріп келген едік. Жаңа пәтер алсақ деген арманымыз орындалды. Наурыз мерекесін жаңа пәтерде қарсы алатынымызға қуанып тұрмын», дейді Дамира Ерғалиева.

Ал 22 жастағы Олег Липатов бір бөлмелі пәтерді иеленді. Ол «Шаңырақ» балалар ауылында тәрбиеленіп, кейін жасөспірімдер үйін паналапты. Осы кезге дейін әжесінің үйінде тұрған.

«Міне, енді менің өз пәтерім бар. Жаңа қоныс тойын үйленумен ұластырамын», дейді О.Липатов.