Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Алматыда жеті қабатты үйден өрт шықты

909 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін кешкі сағат 17:04-те Алматы қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Алматы қаласы Медеу ауданында жеті қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Пәтерде жиһаз және үй заттары жанған, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда жеті қабатты үйден өрт шықты

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли өртті сөндіруге Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылғанын айтып берді.

Өрт бесінші қабаттағы пәтерден шыққан. Мамандар өрт автосатысының көмегімен 3 адамды құтқарды. Тұрғындар эвакуацияланды. Өрт сағат 17:32-де сөндірілді. Қызыл жалын 30 шаршы метр жерді шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.