Қоғам • 23 Наурыз, 2021

Тәуелсіздік алғалы бері Наурыз есімді қанша бала дүниеге келді?

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 30 жылда мыңнан астам Наурыз есімді бала дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz

Тәуелсіздік алғалы бері Наурыз есімді қанша бала дүниеге келді?

Ұлттық статистика бюросының есебі бойынша егемендік алған жылдан бастап 1040 балаға Наурыз есімі берілген.

Бұл есіммен қыздарды да, ұлдарды да атаған. Оның 443-і соңғы он жылда туған. Ал былтыр Наурыз есімді 48 сәби өмір есігін ашқан.

Есепке сәйкес көбіне-көп Наурыз есімін Маңғыстау өңірі 181 балаға қойған. Ал одан кейін Түркістан облысында - 157 және Қызылорда облысында 135 нәресте осы есімді алған.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстанда - 4, Павлодар облысында - 11 және Ақмола облысында 12 балаға Наурыз есімі берілген.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда - 20, Алматыда - 30, және Шымкентте - 63 Наурыз есімді бала тұрып жатыр.

Ең қызығы, Қазақстанда Наурыздан бөлек Наурызбек, Наурызбай, Наурызғали, Наурызгүл, Наурызхан есімдері де кездесіп жатады.

Бұдан бөлек, биыл 53 қазақстандыққа түбірі Наурыз сөзі бар есім қойылған.