Ұлттық статистика бюросының есебі бойынша егемендік алған жылдан бастап 1040 балаға Наурыз есімі берілген.
Бұл есіммен қыздарды да, ұлдарды да атаған. Оның 443-і соңғы он жылда туған. Ал былтыр Наурыз есімді 48 сәби өмір есігін ашқан.
Есепке сәйкес көбіне-көп Наурыз есімін Маңғыстау өңірі 181 балаға қойған. Ал одан кейін Түркістан облысында - 157 және Қызылорда облысында 135 нәресте осы есімді алған.
Сонымен қатар Солтүстік Қазақстанда - 4, Павлодар облысында - 11 және Ақмола облысында 12 балаға Наурыз есімі берілген.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда - 20, Алматыда - 30, және Шымкентте - 63 Наурыз есімді бала тұрып жатыр.
Ең қызығы, Қазақстанда Наурыздан бөлек Наурызбек, Наурызбай, Наурызғали, Наурызгүл, Наурызхан есімдері де кездесіп жатады.
Бұдан бөлек, биыл 53 қазақстандыққа түбірі Наурыз сөзі бар есім қойылған.