Коронавирус • 24 Наурыз, 2021

Елімізде коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 50 мыңнан асты

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 3 адам көз жұмды. Бұл туралы  Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 50 мыңнан асты

22.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 150 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері 50146 адам ауырды, 667 өлім жағдайы тіркелді, жазылып шыққандар саны 46711-ге жетті.