Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындары аясында өткен байрақты бәсекеде біздің спортшылар 11 медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, Дмитрий Баландин 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде топ жарса, 50 метрге баттерфлай жарысында күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал осы әдіспен 100 метрге жүзуде Әділбек Мусин тұғырдың биік сатысынан көрінді. Сонымен қатар ол 50 және 100 метрге жүзуде күміс жүлдені жеңіп алды. 50 метрге еркін әдіспен жүзуде Александр Варакин бірінші орын алды.
Әйелдер арасындағы жарыста да жерлестеріміз аянып қалмады. Брасс әдісі бойынша 50 метрді Аделина Пчелинцева бірінші болып жүзіп өтсе, 100 метрге жүзуде күміс медаль иеленді. Тағы бір отандасымыз Анастасия Резванцев 200 метр қашықтықта екінші болды.