Комитет Жапониядан тыс сатып алынған 600 мыңға жуық олимпиада және 30 мың паралимпиада билеттерін қайтарып береді. Ал көптен күткен ойынды стадионда тамашалай алмайтын көрермен үшін естен кетпес қаралымды онлайн ұйымдастыруға қолдан келгеннің барлығы жасалатыны айтылды.
Жапонияда тіркелген індет жұқтырған науқастардың саны өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда аз болғанымен, көп адам Олимпиада мен Паралимпиада ойындары кезінде ұйымдастырушылар вирустың таралуына жол бермейді дегенге күмәнмен қарайды. Әлемнің 15 мыңға жуық спортшысы қатысатын шараның қаупі жоғары. Сонымен қатар жарыстар өтетін стадиондардың тек 50 пайызын толтыру көзделіп отыр. Сәуірде ойынды көруге мүмкіндік алатын шенеуніктер, репортерлер мен спортшыларға көмектесетін қызметкерлер саны анықталатын болады.