Экономика • 25 Наурыз, 2021

Жалған банкноттар айналымы азайған

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішев өткен жылы жалған банкноттар айналымы 2019 жылмен салыстырғанда 38%-ға азайғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жалған банкноттар айналымы азайған

Ұлттық банк өкілі хабарлағандай, 2020 жылы 823 жалған банкнот айналымға шықса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 1 319 банкнотқа дейін өскен.
Асхат Әбішев нақтылап өткендей, төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені, қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді.
Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады – сәйкесінше, жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%.
Айта кетейік, жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда (554 дана, немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталған.