«Сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде вахталық жұмысшылардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес болды.
Оқиға тұрмыстық сипатқа ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар мен құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен адамдар арасында қазақстандықтар жоқ», деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.